Әлем тынысыБасты жаңалықтар
Барлық байланыс желілері бір құрылғыда

Қытай ғалымдары 2G-ден бастап 6G-ге дейінгі барлық байланыс желілерін бір құрылғы арқылы пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа технология әзірледі. Бұрын әр буынға бөлек жабдық қажет болатын мәселе енді шешімін тапты, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Жаңа платформа Бейжің университеті ғалымдары тарапынан жасалып, оптикалық модульдерге негізделген. Бұл базалық станцияларды ықшамдап, энергия тұтынуды азайтып қана қоймай, байланыс сапасын да жақсартады.
Сонымен қатар технология 6G желісіндегі деректерді беру жылдамдығын 30 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде интернетке қосылған құрылғылар саны өсіп, жаңа цифрлық қызметтер мен инновациялық платформалар дамуға жол ашады.



