Басты жаңалықтар

Түркістан жастарына «Абай жолы» тарту етілді

Түркістанда Абай күніне орай ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жастарға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы сыйға тартылды.


Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Жиында өңір басшысы Абай мұрасын ұлықтау – жас ұрпақтың санасын тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды бағыты екенін атап өтті.


Шара барысында жастар Абайдың өлеңдерінен әдеби композиция ұсынып, «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Сонымен қатар «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» атты кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында жастар мен қала тұрғындарына «Абай жолы» роман-эпопеясының көптомдығы тарту етілді.


Айта кетейік, Түркістан облысында Абай есімімен 1 ауылдық округ, 4 елді мекен, 110 көше және 15 мектеп аталады. Ақын құрметіне 9 ескерткіш пен 11 бюст орнатылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button