«Википедия» жасанды интеллект көмегімен жазылған мақалаларға шектеу енгізді

Ағылшын тіліндегі «Википедия» бөлімінде жасанды интеллект арқылы жазылған мәтіндерге қатысты жаңа шектеу қабылданды, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Жаңа саясат редакторлардың басым қолдауына ие болды: 40 адам қолдап дауыс берсе, тек екеуі қарсы шыққан
Энциклопедия өкілдерінің мәліметінше, ChatGPT, Gemini және DeepSeek сияқты ірі тілдік модельдер көмегімен жасалған мәтіндер жиі платформаның негізгі контент ережелерін бұзады.
Осыған байланысты енді жасанды интеллектіні мақала жазу немесе көшіру үшін пайдалануға тыйым салынады. Дегенмен, екі ерекше жағдай қарастырылған:
- редакторлар мәтінді тексеру мақсатында ғана AI қолдана алады, бірақ мазмұнды міндетті түрде адам қайта тексеруі тиіс;
- басқа тілдердегі мақалаларды аудару үшін қолдануға рұқсат етіледі, алайда редактор екі тілді де жетік меңгеруі қажет.
«Википедия» әкімшілерінің бірі бұл шешім қауымдастықтың болашақта жасанды интеллектіні қолдану тәсілін қайта қарауға ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетейік, бұл шектеу әзірге тек ағылшын тіліндегі бөлімге ғана қатысты.



