Басты жаңалықтар

Бір ғасырдың куәгері: 101 жастағы әже референдумда дауыс берді

Қазығұрт ауданында республикалық референдумға тұрғындар белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында 101 жасқа келген еңбек және тыл ардагері Анар Тлешова да бар, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Ақжаулықты ана Қазығұрт ауылдық округінде орналасқан №280 референдум учаскесіне арнайы келіп, өз дауысын берді. Аталған учаске Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы ғимаратында орналасқан. Ғасыр жасаған әже дауыс беру орнына отбасы мүшелерімен бірге келіп, азаматтық таңдауын жасады.

Анар апаның ұлы Нурашбек Алишев пен келіні Зарипа Байдусеновамен шаңырақ көтергендеріне елу жылға жуық уақыт болған. Бүгінде олар үлкен әулетке айналып, ұрпақ өсіріп отырған берекелі отбасы. Отбасы мүшелерінің үлкеннің батасын алып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға бірге келуі – ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі.

Ғасыр жасаған ананың референдум учаскесіне арнайы келіп, дауыс беруі – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мұндай тағылымды қадамдар жас ұрпаққа ел тағдырына бейжай қарамаудың және отансүйгіштіктің үлгісі болары сөзсіз.

Жалпы, Қазығұрт ауданында референдумға қатысу көрсеткіші жоғары. Аудан тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button