Басты жаңалықтар

Сайрамда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000 түп ағаш отырғызылды

Сайрамда «Таза Қазақстан» акциясы аясында үлкен экологиялық шара өтті. Аудан орталығын көркейтуге 400-ге жуық тұрғын мен мекеме қызметкерлері біркісідей жиналып, табиғатқа жан кіргізді.

Бұл күні Орталық саябақтың 1 гектар аумағына 1000 түп емен, қаратал сияқты мықты көшеттер отырғызылды.Тұрғындар тек ағаш егіп қана қоймай, саябақ ішін ретке келтіріп, 1,6 тонна қоқысты арнайы полигонға шығарды.

Сайрамдықтар бұл бастаманы жәй сұбботник емес, келер ұрпаққа қалдырар жасыл мұра деп біледі. Өңірді көркейту мен тазалықты сақтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button