Басты жаңалықтар
Көлікті қай жерлерге қоюға болмайды?

Жаңа ережеге сәйкес, төмендегі аумақтарға автокөлік тоқтатуға немесе қоюға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Тротуарларға (жаяу жүргіншілер жолына);
- Балалар және спорт алаңдарына;
- Көгалдар мен жасыл желектерге;
- Қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдарға;
- Автотұрақ ретінде белгіленбеген кез келген өзге орындарға.
Сондай-ақ, тұрғын үй аулаларында ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған немесе жарамсыз (тозығы жеткен) көліктерді қалдыруға болмайды.
Тұрғындардың аула ішіндегі жолдарды өз бетінше бетон блоктармен, бағаналармен немесе қоршаулармен жауып тастауына заңмен тыйым салынған.
Ережені бұзғандарға қолданылатын шаралар
Талаптарды сақтамаған азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік айыппұлдар қарастырылған:
Жеке тұлғалар үшін:
- Алғашқы рет ереже бұзылғанда: Ескерту жасалады немесе 20 АЕК (86 500 теңге)айыппұл салынады.
- Заң бұзушылық қайталанған жағдайда: 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл қолданылады.
Бизнес субъектілері үшін
- Шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар: бірінші рет – 30 АЕК (129 750 теңге), қайталанса – 40 АЕК (173 000 теңге);
- Орта бизнес субъектілері: алғаш рет – 40 АЕК (173 000 теңге), қайталанса – 50 АЕК (216 250 теңге);
- Ірі бизнес субъектілері: алғашқы құқық бұзушылық үшін – 100 АЕК (432 500 теңге), ал қайталанған жағдайда – 300 АЕК (1 297 500 теңге).



