Басты жаңалықтар

Бейбітшілік пен келісім: Түркістанда дін өкілдері бас қосты

18 қазан – Рухани келісім күні қарсаңында Түркістан облысында бейбітшілік пен дінаралық татулықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өтуде. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев діни конфессия өкілдерімен кездесіп, ел бірлігі мен өзара келісім мәселелерін талқылады.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов, православие шіркеуінің өкілдері және өзге де діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Кездесуде өзара сыйластық пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара соңында діни конфессия жетекшілеріне мерекеге орай құттықтау хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Рухани келісім күніне орай облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Руханият» саябағына ағаш отырғызу және дін өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, 18 қазан – Рухани келісім күні. Мерекенің мақсаты – татулықты, өзара түсіністік пен қайырымдылықты дәріптеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button