Басты жаңалықтар

Қазақстанда №1

Түркістан облысы қалған өңірлерді қалай артта қалдырды?

2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша, Түркістан өңір қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша бүкіл республикада 1-орынға шықты. Экономиканың өсу қарқыны рекордтық 125,2%-ды құрап, Қазақстанның басқа облыстарын шаң қаптырды.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен шұғыл жиында Түркістанның экономикалық потециалы талқыланды.

Тек 4 айдың ішінде 571,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Өсім өткен жылмен салыстырғанда бірден 133%-ға секірді. Зауыт-фабрикалар 272,7 миллиард теңгенің тауарын шығарып, рекорд орнатты. Жыл басынан бері облысқа 470,2 миллиард теңге инвестиция құйылған.

Ең қызығы, қаржы басқармасының басшысы Гульфари Ажиметованың айтуынша, облыс бюджетіне жоспардан тыс 22,7 миллиард теңге артық ақша түскен. Бұл — Түркістанның сырттан көмек күтпей, өз кірісін еселеп жатқанының айқын дәлелі.

Құрылыс нысандары мен әлеуметтік ғимараттар бой көтеріп, бұл салаға 95,8 миллиард теңге жұмсалды. Ал диқандар мен малшылар 205,9 миллиард теңгенің өнімін нарыққа шығарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button