Басты жаңалықтар
Келесте 15 мәселенің 13-і шешіліп, тұрғындардың өтініші орындалды
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауданның даму көрсеткіштері мен өзекті мәселелерін талқылады

2026 жылдың 9 айында ауданда жалпы өңірлік өнім 139,9 млрд теңгеге жетіп, 48,4%-ға өскен. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 77,2 млрд теңгені құраған. Негізгі капиталға 41,9 млрд теңге инвестиция тартылған.
Ауданда 4 685 тұрғынды газға қосуға мүмкіндік беретін құрылыс аяқталды. Сонымен қатар «Дарбаза–Мақтаарал» теміржолының 60 шақырымы Келес арқылы өтеді. Жобаны биыл аяқтау жоспарланған.
Өткен жылғы кездесуде көтерілген 15 мәселенің 13-і шешілген. Кезекті кездесуде тұрғындар жол, ауыз су және инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Облыс әкімі жауапты басшыларға өтініштерді заң аясында шешуді тапсырды.



