Басты жаңалықтар
Кешіккен жоба қайтарылады
Түркістан облысында мерзімінен кешіккен инвестициялық жобалар қатаң бақылауға алынды.

Енді құрылысын бастамаған немесе міндеттемесін орындамаған инвесторлардың жер телімдері мемлекетке қайтарылып, жұмыс істеуге дайын кәсіпкерлерге беріледі.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, бірде-бір жоба қағаз жүзінде қалмауы тиіс. Әр инвестициялық жоба – жаңа өндіріс пен жаңа жұмыс орны. Сондықтан құрылысы тоқтап тұрған нысандар бойынша нақты шешім қабылдау тапсырылды.

Қазір өңірде жалпы құны 1,26 триллион теңгені құрайтын 140 инвестициялық жоба тіркелген. Оның 58 іске қосылып, 3243 тұрақты жұмыс орны ашылды. Қалған жобалардың жүзеге асуы тұрақты бақылауда болады.



