Басты жаңалықтар

«Ұмай» бағдарламасы басталмай жатып, өтініш берушілер арасында кикілжің шықты

Бүгін елімізде көптен күткен «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталысымен-ақ «Отбасы банк» бөлімшелерінің алдында әбігер басталды. Атышулы бағдарламаға ілігуді көздеген тұрғындар банк табалдырығын тоздырып, бөлімшелердің алды ұзын-сонар кезекке айналды.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеолардан тұрғындардың кезекке таласып, бір-бірін итеріп, кикілжіңге келіп жатқан оқиға орнындағы шиеленісті анық көруге болады. Өтінім берушілердің тым көптігінен банктің қызмет көрсету жүйесі шамадан тыс жүктеліп, жұмысында іркілістер тіркелді.

Банк өкілдері берген ресми мәліметке сүйенсек, сағат 11:30-ға дейін 300 өтінім қабылданып үлгерген. Сонымен қатар мекеме басшылығы тұрғындарды сабырға шақырып, банк бөлімшелеріне барып әбігерге түсудің еш қажеті жоқ екенін ескертті.


Себебі құжаттарды онлайн форматта, бейнебайланыс арқылы немесе ресми кеңесшілердің көмегімен үйден шықпай-ақ тапсыруға толық мүмкіндік бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button