Басты жаңалықтар

Сауранда Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы кең көлемде атап өтілді

Республика күні қарсаңында Сауран ауданы, Ескі Сауран елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы мектепте ұлы ағартушы, педагог-жазушының 185 жылдық мерейтойына арналған «Алтынсарин тағылымы – білімнің бағдаршамы» атты ауқымды іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімдігінің өкілдері, ардагер ұстаздар, зиялы қауым мен мектеп оқушылары қатысып, ұлы ұстаздың қазақ даласындағы білім саласын өркендетуге қосқан өшең еңбегін ұлықтады.

Басқосуда ағартушының еңбекқорлық пен адамгершілікке бағытталған мұрасы бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде де өзекті екені кеңінен сөз болды. Шара аясында Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Қалеке білім саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.

Мерекелік кеш жоғары деңгейдегі сахналық қойылымдармен жалғасты:

  • Мектеп оқушылары Ыбырай Алтынсариннің әйгілі «Әке мен бала» әңгімесін шебер сахналап шықты.

  • Ағартушының отты шығармаларынан үзінділер мәнерлеп оқылып, ұстаз пен шәкірт арасындағы сабақтастық терең дәріптелді.

Тағылымды кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлт ұстазының өнегелі жолын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button