Басты жаңалықтар

«Енді балаларымыздың өз бөлмесі болады»: кәсіпкер төрт отбасыға үй сыйлады

Түркістан облысының Жетісай ауданында төрт отбасы баспаналы болды. Жылы су ауылдық округіне қарасты Байқоныс елді мекенінде кәсіпкер Бақыт Төлбасиев өз қаражатына төрт отбасыға үй салып берген.

Баспанаға ие болған отбасылар ауыл ақсақалдары мен жергілікті әкімдіктің бірлесіп жүргізген талдауы нәтижесінде анықталған. Негізгі талап – тұрғындардың баспанаға шын мұқтаж болуы.

Аудан әкімі Серік Мамытов игі іске ұйытқы болған кәсіпкерге алғыс білдірді. Ал Бақыт Төлбасиев қайырымдылықты алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Кәсіпкердің айтуынша, кәсібін дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында қол жеткізген мүмкіндігін мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсауды жөн көрген. Балалардың қуанышы оған бұл істі жалғастыруға жігер берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button