
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Өзбекстанға арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты мақсаты — Ташкент облысында өтіп жатқан «Шекарасыз ынтымақтастық» атты ауқымды халықаралық бизнес-форумға қатысу.

Бұл іс-шара екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы сауда-саттықты жандандырып, миллиондаған инвеситция тартуды көздейді.

Ауқымды шараға Түркістан өңірінен өндіріс, құрылыс, туризм және ауыл шаруашылығы саласының 50-ге жуық ірі кәсіпкері қатысып жатыр. Қос тарап келесі өзекті мәселелерді шешпек. Бірлескен алпауыт жобаларды іске қосу. Өнім экспортының көлемін еселеп арттыру. Жаңа логистикалық дәліздер ашу.

Форум аясында кәсіпкерлер арасында тікелей B2B (бизнес бизнеске) кездесулері өтеді. Бұл жерде екі елдің бизнесмендері ешқандай делдалсыз, бетпе-бет кездесіп, тиімді келісімшарттарға қол қояды деп күтілуде.


