Басты жаңалықтар

Ауданға сабылмай-ақ, ауылдың өзінде тексерілуге болады

«Қазақстан халқына» қорының «Денсаулық жолы» жобасы аясында Түркістан облысына екі жылжымалы медициналық кешен берілді. Жаңа техниканың таныстырылымы V Ұлттық қайырымдылық конференциясы – «Қазақстан халқына-2026» барысында өтті.

Кешендердің жалпы құны — 1,1 млрд теңге. Оның біреуі компьютерлік томография аппаратымен, екіншісі сараптамалық деңгейдегі маммография және ультрадыбыстық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған.

Мобильді кешендер шалғай ауыл тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ, онкологиялық скрининг пен өзге де диагностикалық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты — ауруларды ерте анықтап, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері қор қолдауымен Түркістан облысында 25 жоба жүзеге асқан. Оларға 20 млрд 375 млн теңгеден астам қаржы бағытталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button