Басты жаңалықтар

Отандық өнім үлесі артып келеді: Сарыағашта ірі құс фабрикасы жұмыс істеп тұр

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш-Құс» ЖШС жұмыртқа өндіретін зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті жоғары бағаланып, сала мамандарымен өңірді отандық өніммен қамту және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Аталған жоба құны 237 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда мұнда 20-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талман өндіріс барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндап, өнім сапасын арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда өндірілген өнімдер ішкі нарыққа бағытталған. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының нарығына шыққан, сұраныс жоғары.


Облыс басшысы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұндай фабрикалардың маңызы зор екенін атап өтіп, өндіріс көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және заманауи технологияларды енгізу қажеттігін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button