Басты жаңалықтар

Түркістанда мыңдаған жұмыс орны ашылды

Түркістан облысында өндіріс қарқынды дамып келеді.

Өңірде 100-ге жуық жаңа жоба іске қосылып, мыңдаған тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Өндірістік парктер саны артып, жаңа кәсіпорындар ашылған сайын жұмыс орындары да көбейіп келеді.

Түркістан облысында өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижесін беріп жатыр. Өңірдің барлық аудан-қаласында өндірістік инфрақұрылым дамып, жаңа кәсіпорындар ашылуда.

Бүгінде облыстағы 29 шағын өндірістік паркте 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталып, оның 164-і пайдалануға берілді.


Сауран ауданындағы өндірістік парктерде ғана 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 767 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал Түлкібас, Шардара, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Созақ, Жетісай және Бәйдібек аудандарында құрылыс материалдары, жиһаз, металл бұйымдары, тұрмыстық химия, құрама жем, тігін және қызмет көрсету бағытындағы ондаған өндіріс іске қосылды.

Нәтижесінде өңірде 100-ге жуық жаңа жоба жүзеге асып, мыңдаған жаңа жұмыс орны құрылды. Қалған аудан-қалаларда да өндірістік парктерге жаңа инвесторларды тарту жұмыстары жалғасуда.


Өңір басшысы Нұралхан Көшеров бұл бағыттағы жұмыстарды тікелей бақылауда ұстап отыр. Мақсат – өндірісті көбейтіп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және Түркістанның экономикалық әлеуетін арттыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button