Түркістанда жаңа заң талқыланды

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» жаңа Конституция мен 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның талаптарын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында Ертай Алтаев жаңа Конституцияның елдің құқықтық жүйесін нығайтудағы және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейтіп, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі ерекше екені айтылды.

Дөңгелек үстелде этномәдени бірлестіктердің қоғамдық татулықты сақтаудағы орны, жаңа Конституциялық заңның негізгі талаптары және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер этносаралық келісімді сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуының маңызын атап өтті.

Жиын қорытындысында қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтармен тұрақты кері байланысты дамытуға және қоғамдық ұйымдардың өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, оларды тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолдау жоспарланғаны хабарланды.



