Басты жаңалықтар

Ерекше балаларға жаңа мүмкіндік

Түркістанда жақын күндері екі жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі.

Соның бірі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналса, екіншісі тұрғындарға күрес, бокс, футбол және өзге де спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.


Нысандардың соңғы дайындық жұмыстарымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров танысты. Алдымен ол Баянауыл шағынауданында орналасқан ерекше балаларға арналған спорт кешенін аралады. Өңір басшысы мұндай орталықтардың көбейуі әр баланың спортпен еш кедергісіз айналысуына және өз қабілетін дамытуына жол ашатынын айтты.

Одан кейін әкім Теріскей көшесіндегі жаңа спорт кешенінде болды. Мұнда күрес, бокс, футбол және басқа да спорт түрлеріне қажетті жағдай толық жасалған. Қазір нысан пайдалануға берудің соңғы кезеңінде.


Облыс әкімі құрылыс кезінде сыртқы келбеттен бұрын сапа мен қауіпсіздік маңызды екенін айтып, жауапты мамандарға барлық жұмысты талапқа сай аяқтауды тапсырды.

– Біз үшін спорт кешендерінің көп болғаны ғана емес, олардың күн сайын балалар мен жастарға қызмет етіп, шын мәнінде халық қажетіне жарауы маңызды, – деді Нұралхан Көшеров.

Өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа кешендер тұрғындардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button