Түркістан облысы ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында топ жарды

Ақтөбе қаласында 14–23 қыркүйек аралығында өткен Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары мәресіне жетті. Ел өңірлерінен жиналған жас спортшылар қатысқан кешенді бәсекеде Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Тартысты жарыс бағдарламасына футзал, волейбол, баскетбол 3×3, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дзюдо, грек-рим, еркін және қазақ күресі, сондай-ақ асық ату мен бес асық спорт түрлері енгізілді. Бұл додада Түркістан облысының намысын 120 жас спортшы қорғады.
Жекелеген спорт түрлерінен қол жеткізген жетістіктер:
🥇 1-орын: Баскетбол 3×3 (қыздар), үстел теннисі, қазақ күресі және еркін күрес.
🥈 2-орын: Волейбол (қыздар).
🥉 3-орын: Баскетбол 3×3 (ұлдар) және асық ату.
Сондай-ақ ұлдар арасындағы волейбол (4-орын), дзюдо (4-орын) және тоғызқұмалақ (5-орын) сынды басқа да спорт түрлерінен жас өрендеріміз маңызды ұпайларға қол жеткізді.
Барлығы 223 ұпай жинаған Түркістан облысының құрамасы қарсылас шақ келтірмей, көш басынан көрінді. Екінші орынды 219 ұпай жинаған Ақтөбе облысы еншілесе, үздік үштікті 203,5 ұпаймен Алматы облысы түйіндеді.
Жас спортшыларымыздың бұл жеңісі – өңірдегі бұқаралық және балалар спортының дамуының айқын көрінісі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


