Басты жаңалықтар

Құрақ құрап, тарихқа енді

Ордабасының алтын қол аналары тағы да рекорд жаңартты

Өскеменде өткен «Аламан құрақ – 2026» халықаралық жобасына Ордабасы ауданының құрақшы аналары да қатысып, жаңа рекордтың орнауына өз үлестерін қосты.


Қазақстанның 17 облысы мен әлемнің 8 елінен келген 800-ге жуық шебердің бірлескен еңбегімен ұзындығы 2 шақырымнан асатын алып құрақ көрпе құрастырылды.


Ордабасы ауданынан қатысқан 11 ананың 9-ы алтын, 2-еуі күміс медаль иеленді. Бұл олардың халықаралық деңгейдегі тағы бір үлкен жетістігі болды.

Айта кетейік, ордабасылық шеберлер бұған дейін Алматы мен Астанада өткен халықаралық жобаларда да рекорд орнатуға қатысқан. Биылғы Өскемендегі жетістік – олардың төртінші рекорды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button