Басты жаңалықтар
«Мұғалімге сыйлық» деп, картадағы ақшаңызды сыйлап қоймаңыз
Мұғалімдер күні қарсаңында алаяқтар педагогтерге сыйлық ұсынатын жалған интернет-сайттар арқылы азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолданып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар арнайы сайттар жасап, онда түрлі сыйлықтар мен тауарларды ұсынады. Олардың суреттері мен жарнамалық материалдары жасанды интеллект көмегімен әзірленуі мүмкін. Бұл сайттарды шынайы интернет-дүкендерден ажыратуды қиын.
Бас прокуратура азаматтарға күдікті сілтемелерге өтпеуге және сатып алу алдында сайт пен сатушының шынайылығын тексеруге кеңес береді.
Сондай-ақ банк картасының деректерін, PIN және CVV кодтарын, сондай-ақ SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға беруге болмайды.
Мамандардың айтуынша, мұндай деректерді алаяқтарға беру банк шотындағы қаражаттан айырылу қаупін арттырады.



