Басты жаңалықтар

Аққуы бар экопарк

Түркістанда жаңа экопарк бой көтеріп жатыр

Түркістанда демалуға арналған тағы бір әдемі орын пайда болмақ. Қарашық өзенінің жағасында 50 гектар аумақты қамтитын жаңа экопарк салынып жатыр.


Қазірдің өзінде аумақ қоршалып, 1000 түп ағаш отырғызылған. Алдағы уақытта мұнда 10 мыңға жуық ағаш егілмек. Демалыс орнына көпірлер, күн қуатымен жұмыс істейтін шамдар, орындықтар мен арнайы демалыс аймақтары орнатылады.


Экопарктің ерекшелігінің бірі – мұнда аққулар жіберілген. Бұл табиғи ортаны көркейтіп, келушілер үшін ерекше атмосфера қалыптастырмақ.


Жаңа экопарк тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button