Басты жаңалықтар

Абайдың 181 жылдығына орай Қазақстанда 350-ден астам іс-шара өтеді

10 тамызда ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі сазгер Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толады. Осыған орай 8-10 тамыз аралығында Қазақстан бойынша 350-ден астам мәдени, ғылыми-ағартушылық, білім беру және спорттық іс-шара ұйымдастырылады.

Бағдарлама аясында көрмелер, дәрістер, әдеби кештер, ғылыми конференциялар, концерттер, спектакльдер, айтыстар мен «Абай оқулары» байқаулары өтеді.

Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында көрмелер, әдеби квест және Абай әндерінің фестивалі ұйымдастырылады. Алматыда «Алғашқы кітап» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

Астанада поэзия кештері, Абай әндерінен караоке, әдеби-сазды кештер мен викториналар жоспарланған. Шымкентте ашық есік күні, көрме және экскурсиялар өтеді.

Мерекелік шаралар шетелде де жалғасады. 10 тамызда Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында «Абай – Ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сонымен қатар Абай облысында республикалық ультрамарафон мен ақындар айтысы ұйымдастырылады.

10 тамызда Астана, Алматы, Шымкент және барлық облыс орталықтарында Абай ескерткіштеріне гүл қою рәсімі өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button