Басты жаңалықтар

Сан бар, бірақ әңгіме басқа

Қоғамда «қыз балалар көп, ер азаматтар азайып бара жатыр» деген әңгіме жиі айтылады.

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ер азаматтардың саны мен олардың әлеуметтік-экономикалық бейнесіне қатысты жаңа ресми деректерді жариялады.

Елдегі ер азаматтар саны – 10 044 673 адам. Бұл – Қазақстан халқының айтарлықтай үлкен бөлігін құрайтын маңызды демографиялық топ.

Олардың 56,5%-ы – 16 мен 60 жас аралығындағы еңбекке қабілетті, белсенді буын. Яғни, ел экономикасының негізгі қозғаушы күші дәл осы топтың иығында.

Өңірлік көрсеткіштер бойынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Екі аймақта да ер азаматтар саны 1,1 миллион адамнан асады.

Еңбек нарығында да ерлердің үлесі жоғары:

• жұмыспен қамтылғандардың 51,6%-ы – ер азаматтар

• кәсіпкерлердің 54,7%-ы – ерлер

Салалар бойынша қарасақ, ер азаматтар көбіне:

өнеркәсіпте – 16,5%

сауда саласында – 14% еңбек етеді.

Ең белсенді еңбек тобы – 35–44 жас аралығы, мұнда шамамен 1,4 миллион ер азаматтұрақты жұмыс істеп жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button