Басты жаңалықтар
Түркістанның тарихи мұрасы Бакуде таныстырылды
Бакудегі Әзербайжан Ұлттық тарих музейінде «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылды. Жобаны Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы әзірлеген.

Жоба Қазақстан және Әзербайжан мәдениет министрліктері мен Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Экспозицияда көне Түркістанның тарихы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сәулеттік ерекшелігі мен рухани маңызы қамтылған. Ұсынылған жәдігерлер Ясауи ілімінің түркі халықтарының рухани дүниесі мен мәдени дәстүрлеріне ықпалын танытады.
«Көгілдір күмбез құпиясы» жобасы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерделеу, сақтау және оны Қазақстанда әрі халықаралық деңгейде насихаттау бағытындағы жұмыстар аясында ұйымдастырылды.



