
Созақ ауданында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақыл-ой шеберлерінің басын қосқан «Шахмат керуені» республикалық турнирі өтті.

Ақыл-ой бәйгесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Созақ ауданының әкімдігі тікелей мұрындық болса, Қазақстан шахмат федерациясының Түркістан облыстық филиалы жарыстың кәсіби деңгейде өтуіне жетекшілік етті.

Ауқымды шараның салтанатты жабылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы қатысып, қатысушылардың интеллектуалдық әлеуетін жоғары бағалап, алдағы додаларға сәттілік тіледі. Тартысты бәсекеде еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған 22 команда құрамындағы 102 спортшы өзара бақ сынасты.

Турнир Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) бекітілген ережелеріне сәйкес, швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Жарыс форматы жекелей және командалық есепте жүргізіліп, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай (ардагерлер, ересектер және жасөспірімдер) топтастырылды.

Жекелей сында Түркістан қаласының намысын қорғаған Қанжарбай Медет алтыннан алқа тақса, екінші орынды оның жерлесі Ерболатұлы Еркебұлан иеленді. Үздік үштікті шымкенттік Шарафиев Алириза түйіндеді. Сондай-ақ, «Үздік комбинатор» номинациясымен отырарлық Сағатқұл Азиз, ал «Үздік ойыншы» атағымен сарыағаштық Нұрлан Нұрасыл марапатталды.

Командалық есепте қарсылас шақ келтірмеген ұжымдар:
- І орын: «Zero Blunders» командасы.
- ІІ орын: «Спасский» командасы.
- ІІ І орын: «Қызыл диплом» командасы.
Ардагерлер арасында түркістандық Джумадуллаев Қуанышбек жеңімпаз атанса, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жергілікті спортшы Молдабай Алихан мен Тынысбай Ақжарқын алтын медальді иеленді. 12 жасқа дейінгі ұлдар арасында кентаулық Аманбек Диас үздік шықты.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дәрежелі дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, спортшыларды дайындауға елеулі үлес қосқан үздік жаттықтырушылар — Базаров Ербол, Айдаров Орынбасар және Рахимов Арсен де марапаттан тыс қалмады.
Бұл дода өңірдегі шахмат спортының танымалдылығын арттырып, жас таланттардың республикалық деңгейге шығуына үлкен мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлде алған қатысушылардың толық тізімі:
Жекелей сында:
- Қанжарбай Медет, Түркістан қаласы
- Ерболатұлы Еркебұлан, Түркістан қаласы
- Шарафиев Алириза, Шымкент қаласы
- «Үздік ойыншы» — Нұрлан Нұрасыл Сарыағаш ауданы
- «Үздік комбинатор» номинациясымен — Сағатқұл Азиз, Отырар ауданы
- 50 жас арасы үздік — Муталиев Сман, Шымкент қаласы
- Үздік жергілікті ойыншы — Қожанов Қожахмет
Командалық жүлде
- Zero Blunders командасы
- «Спасский» командасы
- «Қызыл диплом» командасы
- «Петросян» командасы
- «Шах және мат» командасы
Ардагерлер
- Джумадуллаев Қуанышбек , Түркістан қаласы
- Абызов Сағындық, Созақ ауданы
- Дүйсекбаё Сенбек, Түркістан қаласы
Жасөспірімдер: 18 жас ұлдар арасы
- Молдабай Алихан, Созақ ауданы
- Құрманбек Әбілқасым, Шымкент қаласы
- Сайлауев Ерболат, Қазығұрт ауданы
18 жас қыздар арасы
- Тынысбай Ақжарқын, Созақ ауданы
- Тұран Алсу, Түркістан қаласы
- Есентай Жансая, Қазығұрт ауданы
12 жас ұлдар арасы
- Аманбек Диас, Кентау
- Аманбек Димаш, Кентау
- Бекболат Батырхан, Созақ
12 жас қыздар арасы
- Байділа Аружан, Ордабасы ауданы
- Жақсыбай Балауса
Үздік жаттықтырушылар
- Базаров Ербол
- Айдаров Орынбасар
- Рахимов Арсен



