Басты жаңалықтар

Түркістанда қандай жаңа ғимараттар бой көтеруі мүмкін?

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінде бірқатар жобаның сәулеттік шешімдері талқыланды.

Олардың қатарында «Green Park» және «DREAM CITY» тұрғын үй кешендері, 14 қабатты қонақ үй, медициналық оңалту орталығы, коммерциялық ғимараттар мен қоғамдық тамақтану орындары бар. Сонымен қатар скверлер, аллеялар, гүлзарлар салу және автотұрақтарды ұйымдастыру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша кейбір жобалар қолдау тауып, келесі кезеңге жіберілді. Ал бірқатарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button