Басты жаңалықтар

Түркістанда 120-ға жуық сайлау комиссиясының өкілдері білім сынағынан өтті

Түркістан облысында мәслихат депутаттары сайлауына дайындық аясында аудандық, қалалық және округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары мен тестілеу өтті. Жиынға 120-ға жуық маман қатысты.

Семинарда сайлау науқанын қаржыландыру, комиссиялардың міндеттері, дауыс беру кезіндегі ықтимал даулы жағдайларды шешу және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, нақты жағдайларға қатысты іс-қимыл алгоритмдерін талқылады.

Іс-шараға Орталық сайлау комиссиясының Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ерлан Абдақасов қатысып, комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын тексеру үшін тестілеу өткізді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 581 оқу семинары ұйымдастырылған. Оның 218-і каскадтық тәсілмен өткен. Ал мәслихат сайлауына дайындық барысында комиссия мүшелеріне арналған 307 семинар өткізілген.

Айта кетейік, өңірде сайлау процесіне 1 282 комиссия және 7 976 мүше жұмылдырылған. Дауыс беру үшін 952 учаске қарастырылған, оның 26-сы жабық нысандарда орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button