Басты жаңалықтар
159,5 тонна жанармайды көлікпен шекара асырмақ болғандар ұсталды
Қазақстанда көлігіне қосымша жанармай багын заңсыз орнатқандар көбейген. Жыл басынан бері осындай 595 дерек тіркелді. Заңсыз бактарға сыятын жанармай көлемі 159,5 тоннаға жеткен.

Мұндай әрекеттің ең көп дерегі Жамбыл облысында анықталған. Онда 386 жағдай тіркелсе, Түркістан облысында – 119, Қостанай облысында 80 дерек анықталды.
Жанармайды шекарадан заңсыз алып өтудің алдын алу үшін 48 автокөлік өткізу пунктінің маңында полиция бекеттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Ал көлігіне заңсыз қосымша бак орнатқан жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.



