Жетісайда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға 20 тонна өнім төмендетілген бағамен ұсынылды

Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында өткен бұл шарада ауданның 30-ға жуық тауар өндірушісі мен кәсіпкері өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Жәрмеңкеге барлығы 20 тонна өнім әкелініп, оның 16 тоннасы нарықтағы базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен тұрғындарға сатылды.
Сауда орындарында тұтынушылардың негізгі қажеттіліктерін өтейтін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мол болды. Атап айтқанда, қала тұрғындары қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз, сондай-ақ түрлі сүт және бал өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алды.
Айта кетейік, аудан әкімінің бастамасымен өтетін мұндай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері бұған дейін де ұйымдастырылып, онда әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бірнеше рет азық-түлік өнімдері мен киім-кешектер көмек ретінде үлестірілген болатын.



