
Қазақстандағы барлық 9 және 11-сынып оқушылары үшін ең маңызды кезең басталды. Министрлік қорытынды аттестацияның мерзімдерін жариялады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Ал көптен күткен аттестат тапсыру сәті қалай өтеді?
Шара маусымның 17-18 күндеріне жоспарланған. Бірақ бұл жолы бәрі қатал бақылауда: салтанатты жиын тек мектеп қабырғасында, мектеп басшысы мен ата-аналардың ортақ келісімі бойынша ғана өтуі тиіс. Заңнан аттап, мектептен тыс жерде кеш ұйымдастыруға шектеу қойылды.



