Басты жаңалықтар
880 пәтер тапсырылмақ
Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын тексерді.

Түркістан қаласында салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы қала әкімінің бақылауында.

Қазір әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан 22 тұрғын үйдің 13-і толық аяқталған. Қалған 9 үйді осы жазда Отбасы банк арқылы тұрғындарға тапсыру жоспарланып отыр. Жалпы кешенде 880 пәтер болады.

Сонымен қатар, жаңа қала аумағында Рәміздер алаңы салынбақ. Жоба тұрғындар мен қонақтарға арналған заманауи қоғамдық кеңістік ретінде жасақталады.
Қала әкімі жауапты мекемелерге барлық нысанды мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.



