Басты жаңалықтар

Екі вице-министр бастаған республикалық топ Түркістанға келді

Президент Жолдауын түсіндіру үшін республикалық жұмыс тобы Түркістанға келді. Делегация қоғам өкілдерімен, ғалымдармен және жастармен кездесті.

Жұмыс тобының құрамында Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар.

Алғашқы кездесу «Достық үйінде» азаматтық қоғам өкілдерімен өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, Жолдау аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қатысушылар қоғамдық келісім, ұлттық бірлік және жастардың белсенділігі мәселелерін талқылады.

Бұдан кейін делегация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ғалымдармен кездесіп, білім мен ғылымды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру бағыттарын сөз етті.

Ал «Ұлы Дала елі» орталығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен жүздесті. Жастарға Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндіріліп, ел дамуына қосатын үлесі мен азаматтық жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button