Басты жаңалықтар

Түркістанда үлкендердің өсиеті мен жастардың пікірі тоғысқан «Рухани керуен» жобасы өтті

Түркістанда ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесін насихаттауға арналған «Рухани керуен» жобасы аясында ерекше мазмұнды кездесу өтті.

Жиында бұл жолы аға буын ардагерлер мен ақ жаулықты әжелер, ресми өкілдер және жастар арасында сүйікті блогерлер мен жайдарманшылар бір алаңда жүздесіп, еркін форматта сұхбат құрды.

Басқосуға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов, танымал креаторлар Бақдаулет Жаманқұлов, Ердехан Хамит, Жақсыбек Қабылбай бастаған жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар үлкенге құрмет, кішіге ізет, отбасылық жауапкершілік және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Қонақтар құрғақ баяндама жасамай, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдағы өзара сыйластық пен ұлттық болмысты сақтаудың маңызын ерекше атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button