200 отбасы жәрдемақыдан бас тартты: Түркістанда әлеуметтік төлемдерге бақылау күшейді
Түркістан облысында әлеуметтік жәрдемақы мен мүгедектік төлемдерін алатындарға тексеріс басталды.

Тексерістің басты мақсаты бюджет ақшасын оңды-солды шашпай, мемлекеттік қолдауды тек шын мәнінде мұқтаж жандарға бағыттау.
Сандық картаны нақтылау барысында «А» санатындағы 200-ге жуық төлем алушы тексеруден кейін жәрдемақыдан өзі бас тартса, мүгедектігі бар деп тіркелген 6 758 азаматтың жүйеде көрсетілген мекенжайда мүлдем тұрмайтыны әшкереленді.
Бұдан бөлек, 9 мыңға жуық адамның мүгедектік мәртебесі қайта тексеріліп, оңалту құралдарын негізсіз тағайындаған жауапты ма мамандардың үстінен құзырлы органдар тексеру жүргізуде.
Өңірдегі 500 мың отбасының тұрмыс сапасы кешенді бағаланып, 2027 жылдан бастап көмек берудің жаңа жүйесі енгізіледі.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл саладағы көзбөяушылықты тоқтатып, бюджеттің әр тиынын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.



