Басты жаңалықтар
Түркістанда 570 орындық жаңа аурухана ел игілігіне беріледі
Түркістан облысындағы ең ірі медициналық жобалардың бірі — 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның қазіргі жағдайын өңір әкімі Нұралхан Көшеров тікелей барып тексерді.

Жалпы көлемі 83 мың шаршы метрден асатын 15,6 гектар аумақтағы мега-кешеннің қазірдің өзінде құрылыс жұмыстарының 88 пайызы аяқталған.
Халықаралық «YDA Insaat» компаниясы бас мердігерлік ететін құрылысқа 300-ден астам маман жұмылдырылған. Облыс әкімі құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, сапаға басты назар аударуды қатаң тапсырды.
Жоспар бойынша аурухананың құрылысы биыл толық аяқталып, ал келесі жылы ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады.
Бұл орталық іске қосылғанда тұрғындар күрделі диагностика мен ем-дом алу үшін басқа жаққа сабылмай, барлық сапалы медициналық қызметті Түркістанның өзінде ала алады.



