Басты жаңалықтар

«Тұмар» мен «Үркер» премияларына өтінімдер қабылдана бастады: Оныншы мерейтойлық маусымның ерекшеліктері қандай

Елімізде отандық журналистика мен медиа саласының үздіктерін анықтайтын ұлттық сыйлықтар өз жұмысын бастады. Биыл оныншы рет өтіп жатқан «Тұмар» мен «Үркер» премиялары алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында біріктіріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан байқауға республикалық және өңірлік телеарналар, радиостанциялар, баспа мен интернет-басылымдар қатыса алады. Басты шарттардың бірі – ұсынылатын жұмыстар 2025 жылдың 18 қыркүйегі мен 2026 жылдың 18 қыркүйегі аралығында жариялануы немесе эфирге шығуы тиіс. Өтінімдерді қабылдау науқаны 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында QMA.kz ресми сайтында жүргізіледі.

Биылғы мерейтойлық маусым екі негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылып отыр:

Телевизиялық журналистика

Үздік тележүргізуші

Үздік телевизиялық материал (репортаж, сұхбат)

Үздік телесериал

Үздік ақпараттық-аналитикалық бағдарлама

Үздік деректі жоба

Қоғамдық жауапкершілік саласындағы үздік жоба («Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан»)

Баспа, интернет және радиожурналистика

Жылдың үздік журналисі

• Жылдың үздік материалы (сұхбат, репортаж, мақала)

Үздік аналитикалық материал

Үздік медиажоба (YouTube, подкаст)

Үздік радиожоба

Журналистика болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба

Медиа саласындағы жаңа трендтерді ескере отырып, биыл алғаш рет жасанды интеллект бағытындағы жобаларға арналған арнайы номинация қосылды. Барлық келіп түскен жұмыстарды танымал журналистер, сала ардагерлері мен тәуелсіз медиасарапшылардан жасақталған қазылар алқасы бағалайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button