Басты жаңалықтар

Түркістандық Мұхановтар әулеті «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы атанды

Түркістан облысының намысын қорғаған Мұхановтар әулеті «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауында топ жарып, Астанада еліміздің ең өнегелі 20 отбасының қатарында бас жүлдені иеленді.

Аталған жоба қоғамда отбасы институтын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейді.

Бұл ретте жеңімпаз шаңырақтың өмір жолы — адал еңбек пен шынайы отансүйгіштіктің айқын үлгісі. Әулет отағасы,марқұм Бөрібай Мұханов — Ұлы Отан соғысының майдангері, кейін ішкі істер саласында ұзақ жыл абыроймен қызмет атқарған офицер.

Ал шаңырақтың бүгінгі ұйытқысы — 92 жастағы тыл ардагері Айша Абденова. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері 7 бала тәрбиелеп, өнегелі өріс өсірді. Бүгінде Батыр ана 24 немере мен 39 шөберенің, яғни 63 ұрпақтың қызығын көріп отыр.

Ұрпақ тәрбиесін ұлықтап, отбасы құндылығын ту еткен Түркістанның бас әулеті елордада ерекше құрметке бөленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button