Басты жаңалықтар

Мақтадан — дайын брендке дейін: Түркістан қытайлық капиталмен тоқыма нарығын жауламақ

Алматыда өткен екінші Тянь-Шань форумында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытайдың «Шыңжаң Лихуа» холдингінің директоры Сюй Цзе өңірдегі мақта кластерінің екінші кезеңін іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойды

Бұл жобаның басты ерекшелігі — мақтаны жай ғана өсіріп, шикізат күйінде сату емес, өңірде толық өндірістік тізбек қалыптастыру.

Алқаптарда тамшылатып суару, су үнемдеу технологиялары және толық экологиялық таза өндіріс тәсілдері енгізіледі.

Мақта өсіруден бастап, оны иіру, жоғары сапалы мата тоқу, бояу-әрлеу, үй тоқыма бұйымдары мен дайын киім шығаруға дейінгі барлық цикл іске қосылады.

Екінші кезең аясында ішкі және сыртқы нарыққа сапалы дайын киім өнімдері ұсынылады.Инвестор барлық жобаны толығымен өз қаржысы есебінен қаржыландырады.

Айта кетейік, биыл шілдеде «Шыңжаң Лихуа» бірінші кезеңді толық аяқтап, заманауи мақта базасын құрған болатын. Енді екінші кезеңнің құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталып, 2 жыл ішінде толық пайдалануға беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button