Басты жаңалықтар

Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады: Өңірде дайындық басталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен идеологиялық кеңесте алдағы маңызды жоспарлар мен өңірдің туристік әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.

Жиындағы басты жаңалықтардың бірі — Түркістан қаласының 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде ресми тағдыры мен оған бағытталған дайындық жұмыстары. Осыған орай, аймаққа шетелдік және отандық туристерді тартып, туроператорлармен байланысты жаңа деңгейге көтеру қажеттігі қатаң тапсырылды.

Сонымен қатар жиында мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері пысықталды. Атап айтқанда:

Өңірде нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында «Есірткісіз болашақ» форумы мен 10 күндік ауқымды профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.

 Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауындағы тапсырмалардың жергілікті жерде жүзеге асуы қатаң бақылауға алынды.

Жиын қорытындысында жауапты басқарма басшылары мен әкім орынбасарларына жүктелген міндеттерді формальды түрде емес, нақты нәтижемен орындау міндеттелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button