Басты жаңалықтар
Ата-анаңыз сізден алимент өндіре алады
Көпшілік алиментті тек ата-ананың балаға төлейтін көмегі деп біледі.

Бірақ заң бойынша еңбекке жарамсыз әрі көмекке мұқтаж ата-ана кәмелетке толған балаларынан алимент өндіре алады.
Заңгер Алина Шынтаеваның айтуынша, мұндай істер сот тәжірибесінде жиілеп келеді. Мысалы, Ақтөбеде 92 жастағы Батыр ана 8 баласын сотқа беріп, олардың төртеуінен алимент өндіріп алған.
Алимент талап ету үшін ата-ана:
▪️ еңбекке жарамсыз болуы (зейнеткер немесе мүгедек);
▪️ қаржылай көмекке мұқтаж екенін дәлелдеуі керек.
Алименттің нақты бекітілген сомасы жоқ. Сот ата-ананың жағдайымен қатар, баланың табысы, отбасылық ахуалы және қаржылық мүмкіндігін де ескереді.



