Басты жаңалықтар
Түркістан туризмі рекорд орнатты: Саяхатшылар ағыны 43%-ға өсіп, табыс 6 миллиард теңгеге жетті
Түркістанға саяхатшылар қайта ағыла бастады. Биылғы алты айда өңірге 217 мың турист келген — бұл былтырғыдан бірден 43%-ға көп. Экономикалық тұрғыдан айтсақ, бұл жай ғана сан емес: туризмнен түскен табыс 147%-ға өсіп, 6 миллиард теңгені құрады. Салыстырмалы түрде, бұрын бұл көрсеткіш 4 миллиард теңге болатын.

Мұндай өсім саланы инвесторлар үшін таптырмас майшелпекке айналдырды — тоғыз айдың ішінде туризмге 83 миллиард теңге жеке капитал құйылды.
Ағылған халық пен сұраныс инфрақұрылымды тез арада қайта қарауға мәжбүр етті. Түркістанда «Қолөнершілер орталығы» мен «Medina Palace», Төлебиде «Paradise Villas», Кентау маңында 1 миллиардтық «Khantau» демалыс орталықтары бірінен соң бірі іске қосылды.
Бірақ басты жаңалық бұл емес. Жыл соңына дейін Түркістанда 10 миллиард теңгеге бағаланған, 12 гектар аумақты алып жатқан алып аквапарк ашылады.
Бұл жоба өңірдегі ойын-сауық туризмін мүлдем жаңа деңгейге шығармақ. Оған қоса, көне Күлтөбе қалашығы жаңартылып, «Yassy Hall Apartments» қонақ үйі ел игілігіне беріледі.



