Түркістанда ауласын тазаламағандарға айыппұл салына бастады
Түркістан қаласында абаттандыру және тазалық тәртібін сақтау бойынша кезекті рейд жүргізіліп, талап бұзған нысан иелері анықталды.

Қазақстандағы жаңа абаттандыру қағидаларына сәйкес, әрбір тұрғын мен кәсіпкер өз үйі немесе нысанының аумағымен қатар, іргелес 5 метрге дейінгі жерді де таза ұстауға міндетті.
Не білу маңызды?
• Аумақты қоқыстан, арамшөптен тазартып, қасбеті мен қоршауын қалыпты жағдайда ұстау шарт.
• Қоршау сыртында құрылыс материалдарын, отын немесе көлік құралдарын ұзақ уақыт қалдыруға болмайды. Құрылыс қалдықтары тек арнайы орындарға шығарылуы тиіс.
• Енді бұл бағытта тек полиция ғана емес, уәкілетті әкімдік инспекторлары да әкімшілік хаттама толтыра алады.
Айыппұл мөлшері қандай?
• Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін — 20 АЕК
• Ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін — 10 АЕК.(Заңбұзушылық қайталанса, жауапкершілік күшейтіліп, қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін).



