63 жасты күтпей-ақ зейнетке шығуға болады: Ай сайын 200 мың теңге алудың шарты қандай?
Қазақстанда мемлекеттік зейнет жасын күтпей-ақ, өз жинағың есебінен ертерек тынығуға шығуға болатынын білесіз бе? Соңғы кезде әлеуметтік желілерде жарнамасы жүрген бұл мүмкіндік — «зейнетақы аннуитеті» деп аталады.

Бұл жүйенің қарапайым жұмыс істеу логикасы мынадай: БЖЗҚ-дағы жинақталған қаржыңызды сақтандыру компаниясына аударасыз. Ал олар өз кезегінде сізге ресми зейнет жасына жеткенге дейін де, кейін де өмір бойы ай сайын тұрақты ақша төлеп тұруға міндеттеледі.
Кімдер пайдалана алады?
- Ерлер: 55 жастан бастап
- Әйелдер: 53 жастан бастап
- Зиянды өндіріс жұмысшылары: 50 жастан бастап (егер кемінде 5 жыл арнайы жарна төленген болса)
Ал ай сайын тұрақты түрде 200 мың теңге көлемінде төлем алу үшін БЖЗҚ шотыңыздағы сома қалыпты жеткіліктілік шегінен едәуір жоғары болуы тиіс. Өйткені бұл қаражат өмір бойына жеткілікті түрде жұмыс істеуі үшін сақтандыру компаниясының актуарлық есептерінен өтуі шарт. Нақты сома әр адамның жасы мен жынысына қарай жеке есептеледі.
Қаржыңыз БЖЗҚ-да таусылып қалса дa, сақтандыру ұйымы төлемді өмір бойы тоқтатпайды. Сондай-ақ төлем көлемі жыл сайын өсіп отырады, ал келісімшартта көрсетілсе, қаражатты мұрагерлеріңізге де қалдыруға болады.
Аннуитет шартын жасасқаннан кейін ақшаны артқа қайтару немесе оның бір бөлігін баспана мен ем-домға шешіп алу мүмкін емес. Сондықтан бұл қадамға бармас бұрын барлық есепти мұқият таразылаған жөн.



