Басты жаңалықтар
Түркістан облысында 31 спорт нысаны пайдалануға берілді
Биыл Түркістан облысында 11,3 млрд теңгеге 58 спорт нысанының құрылысы басталып, оның 31-і пайдалануға берілді. Өңірдегі 3 595 спорт нысанының 86 пайызы ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Спортты дамыту бағытындағы жұмыстар аясында Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Бәсекеге 200-ге жуық жас спортшы қатысты.
Жарысқа Түркістан облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткерлері мен спорт саласының өкілдері қатысты.
Жарыстың ашылуында Ертай Алтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамытуға және жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ өңірде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, жасөспірімдер спортының маңыздылығына тоқталды.



