Басты жаңалықтарТуризм
Кентау мен Төле би ауданының туристік әлеуеті Антальяда әлем назарына ұсынылды
Түркістан облысының тарихи мұрасы мен табиғи байлығы халықаралық деңгейде насихатталуда. Кентау қаласы мен Төлеби ауданының туристік мүмкіндіктері Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан ATF Antalya 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылуда.

26–28 қазан аралығында ұйымдастырылған көрмеге Қазақстанның бірқатар өңірінің өкілдері қатысуда. Халықаралық алаң туризм саласының мамандарына тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға және өзара тиімді байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Көрме барысында Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасы, рухани туризм бағыттары мен көрікті орындары таныстырылуда. Сонымен қатар Кентау қаласы мен Төлеби ауданының тарихы және табиғи ерекшеліктері шетелдік қатысушылардың назарына ұсынылып отыр.
Көрме 28 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Түркістан облысының өкілдері өңірдің туристік мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде таныстырады.



