Басты жаңалықтар
Түркістанда түркі жастарын біріктірген театр фестивалі өтіп жатыр
Түркістанда Түркі мемлекеттерінің студент жастары арасында театр фестивалі өтуде. Шара аясында түркі елдерінің жас өнерпаздарын қолдау және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Фестивальге қатысты бастамалар бойынша «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесу өтті. Басқосуда жастарды өнер арқылы жақындастыру, шығармашылық әлеуетін қолдау және бауырлас елдер арасындағы мәдени байланысты дамыту жайы сөз болды.
Түркістанның түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі орнына байланысты фестивальді дәл осы қалада өткізуге ерекше мән беріліп отыр. Театр қойылымдары арқылы қатысушылар өз елдерінің мәдениеті мен рухани құндылықтарын таныстырып, тәжірибе алмасуда.
Фестиваль түркі жастары арасында шығармашылық байланыс орнатуға және ортақ мәдени кеңістікті дамытуға бағытталған.



