Басты жаңалықтар

Түркістандық зілтеміршілер ҚР чемпионатында топ жарды

Алматы қаласында 2010–2011 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында өткен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

Бәсеке нәтижесінде жергілікті жас атлеттер ел біріншілігінде жоғары дайындық көрсетіп, медальдар еншіледі:

• Өмірзақ Кәусар (61 келі салмақ) — жұлқа көтеруден 71 кг, серпе көтеруден 84 кг (қоссайыс – 155 кг) бағындырып, ҚР чемпионы атанды!

• Лесбек Райян (57 келі салмақ) — жұлқа көтеруден 63 кг, серпе көтеруден 82 кг (қоссайыс – 145 кг) еңсеріп, II орынды иеленді.

• Максим Бақболсын (85 келі салмақ) — жұлқа көтеруден 107 кг, серпе көтеруден 125 кг (қоссайыс – 232 кг) көтеріп, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жас зілтеміршілерімізді және олардың жаттықтырушыларын бұл жетістіктерімен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button