Басты жаңалықтарКүндерек

Жақында көліктер өзімізде шығады

Қазақстанда Li Auto, OMODA және JAECOO көліктері шығарыла бастайды

Қазақстанда автокөлік өндірісі кеңейеді. Алдағы жылдары елде тағы үш жаңа автокөлік маркасын шығару басталып, жаңа өндіріс жобалары іске қосылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір елімізде жеңіл автокөлік, автобус, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы жалпы инвестиция көлемі 346 млрд теңгеден асатын KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыттары іске қосылған.

2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық көлік өндірісін ұлғайтуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылады. Сонымен қатар SITRAK пилотсыз жүк тартқыштарын шығару және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты қуаттау стансаларының желісін дамыту жоспарланған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button